Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Кэролин Браунмен кездесті.
Кездесуде Мемлекеттік хатшы екі ел арасында барлық жетекші бағыттар бойынша қарым-қатынастардың серпінді дамып жатқанын айтып, стратегиялық серіктестік жақын арада жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді.
Алдағы уақытта екі ел арасындағы виза мәселесі тиімді шешімін таппақ.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ