Румыния мемлекеті Еуропада халық саны бойынша 8 орын алатын елдің 80 пайызы румындықтар, қалғаны венгр, сыған, болгар, хорват, грек, поляк, неміс, түрік және украин ұлттарынан құралған. Солтүстік- шығысында молдовандар тұрса, солтүстік батысын Трансильвания алып жатыр. Осындай екі үлкен мәдени-тарихи аймаққа бөлініп жатса да, біртұтастықты ту етеді.
«Сол себепті, ұлттарды алаламай, бәрін бірдей «румындар» деп атаймыз, Мемлекеттік тіліміз де-румын тілі деді»,- Себастьян Хотко.Өз кезегінде Ералы Тоғжанов Елбасының бастамасымен құрылған, Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік маңызын сөз етті. Қазақ жерінде 130 дан астам этнос өкілдері тату өмір сүріп жатқанын, олардың 20 мыңнан астамы румындық екенін жеткізді.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ