Грузияда 100-ге жуық қазақстандық компания қарқынды жұмыс істеуде. Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповпен кездескен Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураба Патарадзе осыны айтты.
Сондай-ақ, елші Елбасының 5 институционалды реформасының маңыздылығына тоқталды. Азиядан Еуропаға кедергісіз жүк тасымалдауға мүмкіндік беретін «Еуразиялық трансконтиненталдық коридор» жобасына екі елдің қатысуын талқылады.
Әлия ӘШІМ