Елімізде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды

11.12.2015
Елімізде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды
Елімізде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3), 5) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде оған таратылып отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүлкін және істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылсын.

Министрлік үшін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу басым міндеттер етіп айқындалсын.

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді негізгі функциялары етіп айқындап, Министрліктің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросы құрылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Хабарламаларға жазылу