Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

29.01.2016
Бүгін «Нұр Отан» партиясының  кезектен тыс  съезі  өтеді
Бүгін «Нұр Отан» партиясының  кезектен тыс  съезі  өтеді

Дәл қазір, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮІІ сьезін өткізуге дайындық жүріп жатыр. Сьез сағат 11.00-де басталады. Жиынға Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, төрағалық жасайды.

Сьезге 2200 адам қатысатын көрінеді. Олардың қатарында Еңбек ерлері, Халық қаһармандары, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар бар. Жиынның тақырыбы: «Қазақстан 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық». Бұл 5 институционалды реформа аясындағы 100 нақты қадам -Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын ескере отырып жасалған бағдарлама. Жиында партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданып, Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілмек. Кейбір деректерге қарағанда партия Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде 127 адамды тізімге енгізген көрінеді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу