Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Бізге өте сақ болу керек» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Бізге өте сақ болу керек»

29.01.2016
Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВ: «Бізге  өте сақ  болу керек»
Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВ: «Бізге  өте сақ  болу керек»

«Нұр Отан» партяисының XVII съезінде Президент, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жаһандық ахуалдың күрделене түскенін атап өтті. Сол себепті, қазақстандықтардың аса сақ болғаны керек.

«Терроризммен күреске көптеген елдер қатысып жатыр, бірақ олар өзара бір-бірінен алшақтап кеткен»,-деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Яғни, антитеррорлық коалицияның өз ішінде келіспеушіліктер аз емес қазір. Бұл өз кезегінде жаһандық қатермен дұрыс күресуге кері әсерін тигізіп жатыр.

Сонымен қатар, Президент халықаралық жағдайдың да өзгергенін де атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев мысал ретінде Ауғанстанды атап өтті. Тыныш жатқан Ауғанстанға әркім әртүрлі әскермен кірді. Сирияда да, Иракта да, Ливияда да тура сондай жағдай қалыптасып отыр. Соның салдарынан көп жерлерде тыныштық бұзылған. «Мемлекеттің ішінде тыныштық бұзылған кезде сырттан да күштер елдің тірлігіне кірісіп, лаңкестіктің орын алуына қолайлы жағдай жасалады. Қазірде халықаралық лаңкестіктің қаупі күшеюде. Бізге өте сақ болу керек»,-деді Елбасы.


Kaznew.kaztrk.kz

фото: munara.kz

Хабарламаларға жазылу