Мәсімов Ақтөбедегі оқиғалар туралы: Бұл мәселе Мемлекет басшысының өз бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәсімов Ақтөбедегі оқиғалар туралы: Бұл мәселе Мемлекет басшысының өз бақылауында

06.06.2016
Мәсімов Ақтөбедегі оқиғалар туралы: Бұл мәселе Мемлекет басшысының өз бақылауында

"Мемлекет басшысы бұл мәселені бақылауында ұстап отыр. Әлеуетті органдар барлық операцияларды соңына дейін жүргізуі тиіс, әкімдіктер мен барлық мемлекеттік орган тиісті шараларды қабылдауы қажет. Ары қарай шешім шығарамыз. Біз кешенді шаралар қабылдауымыз керек. Мен бұл мәселені Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеке бақылауымда ұстаймын", - деді премьер-министр.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.
 

Хабарламаларға жазылу