Қазақстанның энергетикалық жүйесі жаңа диспетчерлік орталықтан басқарылатын болады. Бүгін барлық басқару тетігі жаңарды.
Салатанатты шараға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қатысты.
Желілерді басқаратын соңғы үлгідегі бейнеқабырға ТМД елдеріндегі ең үлкені саналады.
Ол 36 бейнемодульден тұрады. Биіктігі - 4, ені - 12 метр. Бейнеқабырға жыл он екі ай тәулігіне 24 сағат электр желілеріндегі ахуалды бақылап отырады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ