Облыс әкімінің өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып Әсем Рахметова тағайындалды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Әсем Рахметова 1980 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында бастады.
2002 және 2005 жылдар аралығында 2032-ші әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етті.
2005 жылдан «Қазақстан» телеарнасының облыстық филиалында редактор, аға редактор, «Муниципалды телерадиоарнасында» редактор, СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2014 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз хатшысының кеңесшісі болды.