Бүгiнде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылмын дамытуға үлкен көңiл бөлініп жатыр. Осы мақсатқа қаражат қарастырылады. ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмовтің айтуынша, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жерлерден 10 сотық бөлу осы мәселенi шешуге оң ықпал етедi. Бұл туралы ол ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Экономика өсiмiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бағдарламадағы жаңа бағыттардың бiрi - жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту. Бұл облыстық әкiмдiктер арқылы жасалады. Соңғы уақытта жер мәселесiне қатысты пiкiрталастар көп. Үкiмет заңнамаға өзгерiстер енгiзудi қолдап, осы мәселенi қарастырды. Бiздiң ойымызша, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жерден 10 сотық бөлу осы жағдайды шешуге оң ықпал етедi. Сондықтан ресурстардың бiр бөлiгi жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылмын дамытуға жұмсалады», - деді К.Мәсімов