ҚР ОСК Нұрлан Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ОСК Нұрлан Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді

21.06.2016
ҚР ОСК Нұрлан Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-1 бабының 6 тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Р. Склярдың депутаттық өкілеттігі Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Хабарламаларға жазылу