Елбасы үндеуін ғалымдар мен қоғам белсенділері қолдайды. «Бұл тарихи шешім еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағытта одан әрі дамуына тікелей ықпал етеді. Жаңа саяси реформа мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, ішкі тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, алдағы үлкен өзгерістерге әрбір қазақстандықтың өз ұсыныс, пікірін айтуға мүмкіндігі бар. Мұны тек таңдау құқығы ғана емес, азаматтық парыз деп түсіну керек», дейді сарапшылар.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
Оңғар АЛПЫСБАЙ