Үкімет пен Парламент енді елге есеп беруге мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет пен Парламент енді елге есеп беруге мүдделі

09.02.2017
Саяси реформа – әр қазақстандық үшін маңызды. Бұл – заңгер Марат Башимовтың пайымы. «Өкілеттігімен қатар, жауапкершілігі артқан Үкімет пен Парламент енді елге есеп беруге мүдделі. Мемлекеттік бағдарламалар кібіртектеп жүрмей жатса, заңдар сапасыз болса, халықтың құзыры артқан атқарушы билік пен заң шығарушы органнан сұрауға толық құқы бар. Демек, Үкімет пен Парламент бұрынғыдай кемшіліктерді бір-біріне ысырып, басын алып қашпайды. Бәсекелесе отырып, өзара жұмысты ширатады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді. Сондықтан, Президенттің билік арасында өкілеттіктерді бөлу ұсынысы – заман талабына жауап беретін керек өзгеріс», -деді заңгер.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу