Солтүстік Қазақстан облысында 26 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жекешелендіріледі. Бұған қоса «Солтүстік» әлеуметтік-әріптестік корпорациясының 13 еншілес кәсіпорны да электрондық бәссаудаға түспек. Жалпы жекеменшікке өткізу жұмыстары 3 жылға жоспарланған.
Петропавлдағы №4-ші емхана 1997 жылы жекеменшіктің қолына өткен болатын. Жеке деген аты болғанымен ақылы қызметтің бірнеше түрін ғана қамтиды. Ал негізінен кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсетіп, мемлекеттік тапсырысты орындайды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ