Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

06.03.2017
Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Қазақстан діни экстремизм мәселесін реттеп, заңнаманы қайта қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдау барысында айтты. 

Нұрлан Ермекбаев Президентке мекеменің қызметі мен алдағы жоспары туралы есеп берді. Министрдің айтуынша, елімізде 18 конфессияның 3600-ден астам діни бірлестігі бар. Олардың көбі ислам дініне тиесілі. 

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев дін саласында қалыптасып отырған жағдайларға тоқталып, мекеменің рөлін және оған жүктеліп отырған міндеттерді ерекше атап өтті. 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу