Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Бішкекте Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Бішкекте Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысты

07.03.2017
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өзара әріптестігін дамытудағы түйткілдерді түпкілікті жою қажет. Кедергілер кезең-кезеңімен әрі жүйелі шешілгені жөн».

Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Бішкекте өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында айтты. Бүгінде мемлекеттер арасындағы сауда-саттық көлемін арттырудың жаңа тетіктерін қарастырған абзал. «Кәсіпкерлердің ортақ нарықтан күтері көп. Бизнестің өркендеуіне жол ашады деп бағалайды», деді қазақ Үкіметінің басшысы.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу