Конституциялық кеңес заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық кеңес заң жобасын мақұлдады

09.03.2017
Бүгін еліміздің Конституциялық кеңесі билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы заң жобасын құптады. Конституциялық кеңес қос палата депутаттары мақұлдаған заң жобасын сүзгіден өткізген.

Елбасы қол қоймас бұрын құжатты 6 наурызда Конституциялық кеңеске жолдады. Осылайша, олар заң жобасын өндіріске қабылдап, бүгін арнайы жиын өткізді. Кеңеске Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары мен Бас прокуратураның өкілдері қатысты.

Хабарламаларға жазылу