Түрік инвесторлары отандық өнімді қаржыландырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік инвесторлары отандық өнімді қаржыландырмақ

18.08.2014
Түрік инвесторлары отандық өнімді қаржыландырмақ

Еліміз бойынша Қазақстандық мазмұндағы тауар өндіру жағынан оңтүстік көш бастап тұр. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында олардың мүмкіндіктері күн санап артып келеді. Бір ғана оңтүстікте нақты жұмыс істеп жатқан 125 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері бар.

Бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралардың барысын пысықтау мақсатында «Өңіраралық форум» өтті. Оған облыстың кәсіпкерлері мен түрік елінен инвесторлар келді. Оңтүстік Қазақстанның өңірлік өнімі өткен жылы 2,1 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде жекелеген кәсіпорындар 552 миллиард теңгенің тауарын шығарған.

Түркиядан келген инвесторлар тап осы жеңіл өнеркәсіп саласына қаржы құймақ. Облыс әкімдігі  биыл бірқатар алыс-жақын елдердің кәсіпкерлерімен меморандумдар түзді.Осының негізінде жуық арада бірқатар өндіріс орындары бой көтереді. Олардың қатарында оңтүстіккореялық кондитер фабрикасы,құны 500 млн.долларды құрайтын  Венгриялық текстиль фабрикасы, сондай-ақ,  ауылшаруашылығында таптырмайтын ірі трактор құрастыратын зауыттың құрылысы басталмақ.

Сами Услу, «Shamrock»  компаниясының өкілі:

Біз төрт бағыт бойынша бірлесе жұмыс істеуге келдік. Бұл өңірді таңдау себебіміз, Шығыс пен Азия, еуропаның жолын жалғап жатады. Оңтүстік тамақ, ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарын өндіруге бейім. Қолға алған жобалары бізді қызықтырып отыр. Мемлекеттік қолдау да басым.

Гүлмира ОҢЛАСБЕК

Хабарламаларға жазылу