Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету кезінде Орта Азияны бейбіт, қауіпсіз және тұрақты даму аймағына айналдыруға күш салады. Сондай-ақ, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға да ықпал етпек.
Бұл туралы Орта Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомство өкілдерімен Ташкент қаласында өткен кездесуде еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.
Әңгіме барысында ол Орталық Азияның ортақ мүддесін жүзеге асыру, ілгерілету мақсатында Қазақстанның атқарып жатқан жұмыстарының барысымен таныстырды. Сондай-ақ, бес мемлекеттің өзара жан-жақты байланыстарын нығайту мүмкіндіктері талқыланды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ