Бұл туралы академия ректоры Мартин Кройтнер еліміздің Бас прокуроры мен Прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының басшысымен кездесу барысында мәлімдеді.
Халықаралық академия БҰҰ-ның қолдауымен 2010-жылы құрылған. Негізінен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін кәсіби мамандар даярлап, ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады. Халықаралық үкіметтік емес ұйым статусына ие академияға бүгінде 70 мемлекет мүше.
Қазақстан ұйымға 2013-жылы қосылды. Кездесуде қазақстандық делегация өкілдері академия ұжымына Өңірлік хаб жобасын таныстырды.
Нұрсұлу ҚАСЫМ