Қазақстан өз ішінен шыққан лаңкестерді азаматтықтан айырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан өз ішінен шыққан лаңкестерді азаматтықтан айырады

16.04.2017

Студия қонағы - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын.

 

Террористер құрған халықаралық «ДАИШ» ұйымына қазір 80 елден жиылған «лаңкестер» кіреді. Олардың арасында посткеңестік елдерден барғандардың саны 5 мыңнан асады. Содырлардың қатарында тіпті 600-дей қазақстандық та бар көрінеді. Ал, террормен күрес өрістеп, олардың тынысы тарыла түскен соң қолы қанға малынған қаскөйлер сөзсіз елдеріне оралады немесе басқа жақта жан сауғалайды. Бірақ, қазақ елі өз ішінен шыққан мұндай лаңкестердің елге қайтып кіруіне заңмен қатаң тыйым салып, азаматтықтан айыратын болады. Қазақстан Президенті осы аптада мемлекетаралық «МИР» телеарнасына берген сұхбатында бұл мәселені ашық айтты. Бұл - сөзсіз дұрыс шешім. Дегенмен, діни экстремистермен күресті ширатуда тағы қандай амал-айла қажет? Террористердің өз ішімізден шықпауы үшін не істеу керек? Бұл сауалдарға «Аптаның» алаңында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын жауап берді.

 

Хабарламаларға жазылу