Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьерін қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Чжан Гаолин қос елдің байланысын талқылап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Тараптардың айтуынша, бүгінгі екіжақты ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиньннің «Бір белдеу-бір жол» атты халықаралық форумға шақырғаны үшін алғыс айтып, шараға қатысуға дайын екенін жеткізді. Ал, Чжан Гаолин Қытай басшысының Елбасыға жолдаған сәлемін жеткізіп, Ынтымақтастық жөніндегі комитет отырысы аясында жаңа уағдаластықтар жасалғанын атап өтті.
Бақытжан ОМАР