Бүгін Мәжілісте, Конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Сайлау туралы Конституциялық заңда түзетулер көзделген. Президенттікке кандидатқа қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Олар: мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы, міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растау. Ол үшін медициналық куәландырудан өтеді. Жалпы, құжатқа сәйкес өзгертулер 8 конституциялық заңға енгізіледі.
Индира БЕГАЙДАР