Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президентімен кездесті

13.06.2017

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесті.

«Биыл екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отыр. Сол уақыттан бері жоғары деңгейдегі диалог орнады. Парламенттер мен екі ел Үкіметтері арасындағы байланыс жоғары. Ынтымақтастықты әрі қарай да бекіте түсу керек», деді Сенат төрағасы. Сонымен қатар, ол Грузия президентіне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Грузия павильонының жұмысына сәттілік тіледі.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу