Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобаларға қарастырылған ақшаның жұмсалуын тексерген облыс әкімі Даниал Ахметов аудан басшыларына ескерту жасады. «Бағдарлама аясында салынып жатқан жобалардың мерзімінде аяқталуына әкімдер жауап береді, сондықтан, құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда болсын», деп тапсырды ол. Мәселен, Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы су құбырын қайта жаңарту жұмыстары мерзімінен кешіккен. Себебі, жұмысты аяқтауға бөлінген қаржы кейінге қалдырылған. Әкім жоспарды қайта қарауды тапсырды.
Зарина ҰЛЫҚБЕК