«Өз мәресіне жеткен парламенттік маусымдағы жоғары палатаның жұмысы қарқыны мен көлемі жағынан өте ауқымды болды». Сессияны қорытындылаған Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Спикердің айтуынша, сессия барысында конституциялық реформаның ережелерін заңнамалық деңгейде түбегейлі бекіту бойынша тиісті заңдарға түзетулер енгізілді. Жалпы, Парламент палаталары Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істеп, 84 заң жобасын жан-жақты талқылап, қабылдады. 70 депутаттық сауал жолдады. 10 заң жобасына өз түзетулерін енгізді. Осылайша, заң шығару процесінің Конституцияда белгіленген тәртібіне сәйкес қабылданған заңдардың жоғары сапасы қамтамасыз етілді. Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігі күшейтілді.
Индира БЕГАЙДАР