Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

11.07.2017

Жиында киберқауіпсіздік пен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды. Президент алдымен қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталды. Себебі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуынан қалмау - бүгінде аса өзекті мәселе. Сондықтан, Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында цифрлық технологияларды дамытуға қатысты нақты мақсат қойған болатын.

Дей тұрғанмен, Елбасы кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға да қарсы тұру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ, кеңесте террорлық және деструктивті әрекеттердің алдын алу мен оларға қарсы тиімді жұмыстар жүргізуді бір жолға қою қажеттігін ерекше атап өтті. 

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу