Бүгін Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу барысы жайлы баяндалды. Қазақстан Президенті жаһандық бәсекелестік заманында экономиканы ауқымды түрде цифрландырудың өзекті екенін атап өтті. Сондай-ақ, сала басшысына бірқатар тапсырма берді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ