Гендерлік саясат пен қоғамдағы әйелдердің теңдігі. Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің вице президенті, осы банктің тәуекелді басқару жөніндегі директоры Элизабет Нельсонмен кездесті. Кездесуде тараптар ертең Астанада басталатын «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумның күн тәртібін талқылады. Аталған форумға түрлі саладағы 300-ден астам әйел қатыспақ.
Айта кету керек, Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда жалпы құны 7 миллиард теңгеден асатын 220-дан астам жобаны жүзеге асыруда.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ