Заңдардың сапасына баса назар аударылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңдардың сапасына баса назар аударылады

06.09.2017

Қабылданатын заңдар бәсекеге қабілетті, Елбасы талап еткендей жоғары стандарттарға сәйкес болуы керек. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Президенттің депутаттық корпусқа қойған міндеттеріне баса назар аударды.

«Біздің алдымызда көлемді заң шығару жұмыстары тұр. Өткен сессияда еңбек еткен дәстүрімізге сәйкес аталған жұмыстар заң жобаларын мемлекеттік органдар, сарапшылық қауымдастық, азаматтық қоғам институттарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, ашық пікірталас алаңында және осының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялаумен өтетін болады»,- деді спикер.

Бүгін Төменгі палата депутаттары үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу