Мұнай мен түсті метал бағасында үлкен өзгеріс жоқ. Бірақ, соған қарамастан экономикалық өсім 4 пайыздан асқан. Нәтижесінде Moody's және S&P рейтингтік агенттіктері тәуелсіз несиелік рейтингтік болжамын теріс көрсеткіштен тұрақты көрсеткішке жақсартқан. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді. Оның айтуынша, экономиканың шикізат емес сегментінде оң өзгерістер бар. Өсудің жоғары серпіні алты базалық саланың төртеуі: өнеркәсіп, сауда, көлік және қойма, ақпарат және байланыс саласында байқалады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ