Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы басталды. Биыл өңір диқандары 4 миллион 345 мың гектар алқаптан 5 миллион тонна астық жинауды көздеп отыр. Осыған өңір диқандары дәстүрлі агрокеңесте бас қосып, биылғы науқанға даярлық жұмыстарын пысықтап, дәнді ысырапсыз жинап алу жайын талқылады.
Биылғы аграрлық кеңесті «Тайынша-астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің танабында өткізу де тегін емес. Қазақстанның Еңбек Ері Руслан Молдабеков басқаратын холдингтің қатарына кіретін бұл шаруашылық өңірдегі ең озық агроқұрылымдардың бірі. Егін егумен қатар, мал шаруашылығын да қатар дамытып келеді. Бүгін өңір диқандарына осы саладағы жетістіктердің көрсетілді.
Биыл Солтүстік Қазақстанда 4 миллион 300 мың гектардан астам алқапқа тұқым сіңірілді. Оның 597 мыңы майлы дақылдар. Биыл астықтың шығымы жақсы, ендігі мақсат - алтын дәнді ысырапсыз жинап алу.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ