Өзбекстан электр энергиясы үшін Қазақстанға 11,3 млн. теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан электр энергиясы үшін Қазақстанға 11,3 млн. теңге қарыз

29.09.2017

Электр энергиясына баға өспейді. Себебі, тариф 2020 жылға дейін бекітілген. Бұл туралы бүгін KEGOC акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев айтты. Оның айтуынша, компания қысқы маусымды өткізуге тас-түйін дайын. Барлық құрылғылар жаңартылып, электр энергиясының қажетті қоры жабдықталған. Баспасөз мәслихатында халықаралық әріптестік мәселесі де сөз болды. Өзбекстан қазір Қазақстанға электр энегриясы үшін 11 миллион 300 мың теңге берешек. Бастапқыда бұл сома 140 миллион АҚШ доллары болған. Өзбек тарапы қалған қарызды кесте бойынша жылдың соңына дейін төлеп бітірмек.

Айта кету керек, еліміз қазір Күн мен жерден қуат алуға ерекше көңіл бөлуде. 2020 жылға қарай жалпы энегрия көлемінің 30 пайызға жуығы баламалы энегрия көздерінен алынады деп отыр.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу