Қазақстан түрлі себептермен шетелге 8 адамды беруден бас тартқан. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Сербия арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық өзара көмек туралы шартты ратификациялау туралы құжат қабылданды.
Жалпы, Қазақстан құқықтық шарттарға байланысты 55 мемлекетпен келісімге қол қойған. Сол құжаттарға сәйкес Қазақстан жыл сайын 100-ден астам адамды өзге елдердің тиісті органдарына тапсырса, шамамен осыншама азамат елімізге қайтарылады.
Индира БЕГАЙДАР