30 қазанда Астанада Сирия келіссөдерінің кезекті раунды өтеді. Осы шарада қауіпсіздіккке аса мән берілуі қажет. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде болатын халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан, көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов еліміздегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Дулат НУРКИН