2014-2016 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі кедендік түсімдердің мөлшері төмендеп кеткен. Ең көп зиянды біздің ел тартты. Шекарадағы заңсыз әрекет кесірінен қазынаға түсуі тиіс қаржының бестен бірі түспеді. Ресейде 5 пайыздан асса, Беларусьте 1 пайыздан астам.
Қырғызстанның ЕАЭО тигізген кесірі:
Қазақстан – 18,2 %
Ресей – 5,1 %
Беларусь – 1,4 %
Ал, Арменияда керісінше бюджетке түсетін түсімдер 2,2 есе өскен. Қырғызстанның өзінде бұл көрсеткіш 6,2 есеге артқан.
Армения – 2,2 есе өскен
Қырғызстан – 6,2 есе өскен
Ғабит БӨКЕНБАЙ