Бақытжан Сағынтаев Ереванға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Ереванға барды

25.10.2017

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер импорттық тауарлардың Қырғызстанға өтуі себебінен миллиардтаған доллар кірістен қағылып отыр. Осы күні кедендік құн салықтары көрсеткіштерінің нақтыланбауы Одаққа мүше мемлекеттер үшін өзекті проблемаға айналды. Бұл жайында бүгін Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Премьер-министр Бақытжан  Сағынтаев мәлімдеді.

Қазақстан, Ресей, Беларусьтан Қырғызстанға өтіп кетіп жатқан тауар импортының көлемінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ортақ бюджеті 2015-2017 жылдар аралығында 828,6 млн. доллар көлемінде кірістен қағылады. Ереванда Евразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осындай сандар келтірді. Сондықтан, Қазақ-қырғыз шекарасындағы күшейтілген тәртіп тек контрабанда көлемін азайтып, салықтық түсімдердің шығынын азайтуға бағытталған. Бұл шара барлық одақ елдеріне ортақ мүдде.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

- Шекарадағы барлық жұмыстар Қырғызстан тарапына әдей бағытталмағанын айтқым келеді. Біз бұл туралы талай айтып жүрміз. Біз қазір тексеріс кезінде бұған дейін айтылып жүрген заң бұзушылықтарға толық көз жеткіздік. Бұл ретте Қазақстан тек контрабанда көлемін азайтып,  салықтық түсімдердің шығынын азайтудан басқа мақсатты көздеп отырған жоқ.

Мысалы, өткен жылы Қытай тарапының мәліметінше, Қытайдан Қырғызстанға 2,6 миллиард АҚШ долларына тауар импортталған. Ал, Қырғызстан тарапы тек 900 миллион АҚШ доллары деген мәлімет беруде. Сол себепті, Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша құн салығы бойынша жалпы шығыны 2,68 миллиард АҚШ долларына жеткен.

Армения астанасындағы жиында одаққа мүше үкімет басшылары авиациялық оғиғаларды зерттейтін орган құру туралы және 2018-2020 жылдарға арналған көлік тасымалы саясатын жүзеге асыру жоспарын туралы құжаттарға да қол қойды.

Хабарламаларға жазылу