Заңсыз импорт отандық өндірушіге кедергі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз импорт отандық өндірушіге кедергі

14.11.2017

Қырғызстан 2015-2017 жылдары Қытаймен арадағы өзара сауда айналымының көлемін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне үш есе төмен етіп көрсеткен. Бұл туралы еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев айтқан болатын. Енді жаңа Кедендік кодекс жүзеге асырылмақ. Құжат ратификацяланса, заңнаманы бұзған елдерге жазалау шаралары қолданылады. Бүгін «Ақ Жол» партиясының өкілдері кәсіпкерлермен бірге осы мәселені ортаға салды. Өйткені, заңсыз импорттың салдарынан талапқа сай келмейтін тауарлар нарықты жаулап алған. Бұл бірінші кезекте отандық өндірушілердің өнімін сатуына кедергі келтіріп отыр.  

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізге кәсіпкерлер түрлі проблемалармен жиі келеді. Жыл сайын миллиардтап ақша құйсақ та, электронды жүйе істемейді. Бизнес үшін өте ыңғайсыз болып отыр.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу