Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен ТМД елдері жетекшілерінің бейресми саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен ТМД елдері жетекшілерінің бейресми саммитіне қатысты

27.12.2017

Президенттер Ресей Федерациясының ұйымға төрағалығын қорытындылады. Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путиннің биыл ТМД үшін атқарған жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, төрағалықтың табысты аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ, Елбасы жақында Минск қаласында өткен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы саммитінің айрықша мәнін де атап өтті.  Жиында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылғанын айтты.Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің сауда айналымы артып келе жатқанын, бірақ, бұған қарамастан әрі қарай байланысты бекемдей түсу қажеттілігіне тоқталды. Жиын соңында мемлекет басшылары түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасып, келесі жылы ТМД-ға төрағалық етуіне орай Тәжікстан Республикасына сәттілік тіледі.

Хабарламаларға жазылу