Қос елдің жетекшісі алдымен 26 жылдан бері қарыштап дамып келе жатқан байланысты талқылады. Елбасы Еуразиялық интеграция мәселелеріне ерекше тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың табыстылығын атап өтті. Кездесуде Каспий теңізі мен Байқоңыр мәселесі де сөз болды. Владимир Путин жоғары сарапшылық деңгейдегі мамандардың цифрлық технологияларды дамытуға арналған кездесуін Қазақстанда өткізу жөніндегі бастамасы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ, басқосу барысында Мемлекет басшылары энергетика, ғарышты игеру және цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін пысықтады.
Бақытжан ОМАР