Әзірбайжанмен автомобиль қатынасы реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжанмен автомобиль қатынасы реттеледі

16.01.2018

Сенат комитеті Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарады. Екі мемлекет арасында тасымалданатын негізгі жүктер қара және түсті металдардан жасалған бұйымдар, өсімдіктен және мал өнімдерінен жасалған өнімдер, қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар. Құжатқа сәйкес, ақылы жолдарды есептемегенде көлік жүргізушілері алымдар мен салықтардан босатылады. Келісімді дайындау барысында екі елдің де ұлттық заңнамасы есепке алынды. Жалпы, Қазақстан 41 мемлекетпен осындай келісімге отырған.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу