Әділет министрі Қашаған кен орнын игерудегі  еліміздің үлесіне шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділет министрі Қашаған кен орнын игерудегі  еліміздің үлесіне шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді

13.02.2018

Бүгін Әділет министрі Қашаған кен орнын игерудегі Қазақстанның үлесіне шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді. Марат Бекетаевтың айтуынша, «Қашаған» жобасындағы Қазақстанның үлесі құқықтық тұрғыдан сенімді қорғалған. Айта кету керек, өткен айда Анатолий Стати ісі бойынша сот «Қашаған» жобасындағы біздің елдің үлесіне шектеу қою туралы шешімін күшінде қалдырған еді. Қазақстан бұл шешіммен келіспей қайта шағымданып, қосымша дәлелдер ұсынған. Марат Бекетаев елдің жерасты байлығы құқықтық тұрғыдан бірнеше деңгейде қорғалғанын, сондықтан да бұл мәселеде алаңдауға еш негіз жоқ  екенін мәлімдеді. Ал, осы іс бойынша Ұлттық қордың бұғатталған активтерін қайтарып алу бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Белгілісі Анатолий Стати тарапы қосымша құжаттар ұсынған. Ал, Қазақстан өзінің бастапқы ұстанымынан айныған емес.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Ұлттық қордың өзіндік иммунитеті бар. Екіншіден, арбитражды шешім алаяқтық деректерге негізделген. Шектеулерді алып тастауға туралы шешім шыққаннан соң, біз сот процесіне кеткен шығындарды да өндіріп алатын боламыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу