Парламент Мәжілісі мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясы арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Мәжілісі мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясы арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды

13.03.2018

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Се Гюн Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулинмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, халықаралық, мәдени-гуманитарлық, сонымен қатар, парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Елбасының Қазақстанды дамыған елдер қатарына кіргізу жолындағы стратегиялық маңызды бастамаларын сөз еткен Нұрлан Нығматулин оларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жайына айырықша назар аударды. Кездесу барысында Парламент Мәжілісі мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясы арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды. Бұл келісім екі елдің стратегиялық серіктестігін заңдық тұрғыдан қолдауға мүмкіндік береді. 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу