Қ.Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасын қабылдады

21.05.2018

Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық Федералдық Мәжілісінің депутаты, Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасы Ахмед бен Мұхаммед әл-Джарванды қабылдады.

Сенат Төрағасы еліміздің Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастығының жоғары қарқынына тоқтала келіп, оған мемлекет басшыларының өзара сенімді қарым-қатынасы тікелей ықпал етіп отырғанын атап өтті. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев  жыл сайын ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жайлы кеңінен айтып берді.  Ал,  Ахмед бен Мұхаммед әл-Джарван жаһандық толеранттық және бейбітшілік кеңесінің жұмысы басталғаны туралы хабардар етті. Осы орайда Сенат Төрағасы арабиялық депутатты алдағы қазан айында өтетін 6-шы съезге қатысуға шақырды. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу