Пара беруші болмаса, пара алушы болмайды. Бұл туралы бүгін Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның кеңейтілген отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. Қазір мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлық ісі азайып келеді. Оның басты себебі - қызмет көрсету жұмыстарының көбісі цифрлы форматқа ауысуы. Үкіметтің қазіргі жоспары бойынша 2020 жылға қарай қызмет көрсету жұмыстарының 90 пайызы цифрлық жүйеге ауысады. Сондықтан, жемқорлық ісін азайту бойынша барлық салада көпсалалы жұмыстар атқарылуда.
Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Қазақстанда 3,5 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым бар. Аталған ұйымдар қолда бар ақпарат бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс атқаруда. Ата заңда бекітілген азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында Агенттік Президенттің конституциялық мәртебесін іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.