Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері кездесті

23.07.2018

Жиында өңірлік қарым-қатынасты дамыту мәселесі сөз болды. Әсіресе, алыс-берісті көбейтіп, экономикалық байланысты нығайту жайы қызу талқыланды. Министрлер өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру керектігін айтты. Сондай-ақ, кездесуде Орталық Азияның қауіпсіздігі мен терроризммен бірлесіп күресу қажеттігі де айтылды. Айта кетейік, бұл жиын биыл Астана қаласында өткен Орталық Азия президенттері кездесуінің нәтижесінде ұйымдастырылып отыр. Ал, келер жылы 5 мемлекеттің басшысы Өзбекстанда бас  қосады. Оның жоғары деңгейде өтіп, жемісті болуы үшін тұрақты жұмыс тобы құрылды. 

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Астана кездесуінің жемісті өтуі өңірлік қатынастардағы жаңа кезеңнің басталуын белгілейді. Ал, Сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі тұрақты отырыстар ортақ проблемаларды талқылау және шешу үшін тиімді алаң болып қызмет етуі тиіс.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу