Осы жылдың соңына қарай Сирия қақтығысы саяси жолмен шешілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы жылдың соңына қарай Сирия қақтығысы саяси жолмен шешілуі мүмкін

08.08.2018

Егер Үкімет пен оппозиция құрамынан экстремистер кетсе, мәселені келіссөздер арқылы реттеуге болады. Бұл туралы бүгін Ресей астанасында өткен баспасөз мәслихаты кезінде Сирия оппозициясының Мәскеу тобына жетекшілік ететін саясаткер Қадри Жәміл мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Сирияның Конституциялық комитетін құру туралы келіссөздер жүріп жатыр. Елдегі түрлі саяси күштердің текетіресін тоқтатып, Сирияның келешектегі даму жолын айқындайтын бұл орган қыркүйек айында құрылуы мүмкін. Қадри Жәмілдің айтуынша, бұл оң өзгерістердің барлығы «Астана процесінің» нәтижесі.

Кадри Джамиль, Сириялық оппозицияның мәскеулік тобының жетекшісі:

- Сирия дағдарысын шешуде «Астана процесі» өте маңызды рөл атқарды. Біз соңғы рет Астана форматы бойынша Сочиде бас қостық. Оның нәтижесі де жақсы. Жалпы, Сирия жанжалын реттеуге Қазақстанның қосқан үлесі тарихта қалары сөзсіз. Себебі, Астана алаңы, Сириядағы түрлі топтар мен кепілгер мемлекеттердің басын қосып, қарулы қақтығысты тоқтатуға ықпал етті.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу