Кәсіп ашамын деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле бермек.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес Кәсіпкерлікті қолдау палатасы мен «Даму» қоры бірлесе жұмыс атқаруда.
Соның нәтижесінде республика көлемінде 4 мыңнан астам бизнес жобасы мақұлданды. Оларға субсидия беру үшін мемлекеттен 73 миллиард теңге бөлінді.
Астана қаласы бойынша 517 жоба мақұлданып, оған 11 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ