Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын жанданып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын жанданып келеді

28.09.2018

ТМД елдері мемлекет басшыларының саммиті аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше тәжік президенті Эмомали Рахмонмен де кездесіп, екі мемлекет арасында қарым-қатынас жайын талқылаған еді. Жалпы, Тәжікстан бүгінге дейін әлемде тек 4 елмен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойған екен. Олар - Қазақстан, Қытай, Ресей және Түрікменстан. Тәжіктер қазақ елінің халықаралық және аймақтық бастамаларына ылғи қолдау көрсетіп келеді. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас та жақсы дамып келеді. Өткен жылы өзара сауда-саттық көлемі 30 пайызға өскен. Қазақстан бұл елге негізінен азық-түлік, мұнай-химия өнімдерін экспорттайды. Территориясының 93 пайызы таулы аймақ болғандықтан, бұл елдің экономикалық дамуында қиындықтар аз емес. Тәжік экономикасының негізгі драйвері сырттан келетін инвестиция болып отыр. Оларға қаржы құюшы негізгі үш ел - Қытай, Ресей және Қазақстан.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу