Қ.Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесусты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесусты қабылдады

26.10.2018

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесусты қабылдады. Жоғарғы палата спикері жаһандық конференцияны өткізуге көрсеткен қолдауы үшін мәртебелі қонаққа алғысын білдіріп, мұндай шараның Қазақстан үшін маңыздылығы зор екендігін атап өтті.

Өз кезегінде Тедрос Гебрейесус Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету тұрғысында өзгелерге үлгі болып, бұл бағытты өзіндік бренд ретінде қалыптастыра алатындығын айтты. Дүниежүзілік ұйым Астанада қабылданған декларацияны іске асыру жұмыстарын бастап кеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат тарапынан бұл іске қолдау танытатындығын айтты.   

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу